Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандық әуе компаниялар 2026 жылы 9 жаңа ұшақ сатып алады

Қазақстандық әуе компаниялар 2026 жылы 9 жаңа ұшақ сатып алады

|

|

АСТАНА. 1 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева хабарлағандай, 2026 жылдың соңына дейін отандық әуе компаниялардың әуе кемелер паркі 118 ұшаққа дейін ұлғаяды.

«2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялар 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жалпы әуе флотын шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтуға және әуе тасымалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», – деп келтіреді үкіметтің баспасөз қызметі Томпиеваның сөзін.

Оның айтуынша, биыл Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарын салу басталады. Сонымен қатар, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, ал Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Жыл ішінде Атырау әуежайының жаңа терминалын салу жобасы іске асырылады, Павлодар аэродромы жаңғыртылады, сондай-ақ Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы аяқталып, Арқалық әуежайы қалпына келтіріледі.

Әуежайларда авиаотын Jet A-1 сақтайтын және құятын жүйелерді жаңарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2026 жылы халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары жалғасады. Жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру көзделіп отыр. Бағыттар желісін Орталық Азия, ТМД елдерімен қатар, Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттері бағытында кеңейту жоспарда бар. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімжі, Қашқар, Варшава және басқа да қалаларға рейстер ашу қарастырылған.

Сонымен қатар, 2026 жылы халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ICAO) бірлесіп, саланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қамтитын мастер-жоспар әзірлеу жұмыстары аяқталмақ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.