Евразия24ЖаңалықтарЕО Ресей активтерін пайдалану тетігін тапты

ЕО Ресей активтерін пайдалану тетігін тапты

|

|

Еуроодақ Украинаға көмек беру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану бойынша нақты шешімге келген секілді. Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрінің орынбасары Игнаций Немчицкий мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – «репарациялық несие» тетігі, яғни Украина ЕО-дан несие түрінде қаржы алады, ал ол қаражат Ресей Орталық банкінің Еуроодақ аумағында бұғатталған активтерінен алынады.

Қазіргі таңда бұл активтердің көп бөлігі Бельгияда орналасқан Euroclear қаржы ұйымында сақталған. Аталған несие Украинаға беріледі, ал оның қайтарымы соғыс аяқталған соң жүзеге асады.

Еурокомиссияның есебінше, жаңа қаржылық тетік 2026 жылдан бастап үш жыл ішінде Украинаға жыл сайын шамамен 45 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие ЕО елдерінің мемлекеттік кепілдіктерімен қамтылып, Ресей активтері қандай да бір себеппен босатылған жағдайда Еуроодақты қаржылық қауіптерден сақтандыру көзделіп отыр.

«Біз Еуроаймақ елдерінің кейбірі заң бұзбай, ережелер шеңберінен шықпауға тырысатынын түсінеміз. Бірақ сонымен қатар Украинаға нақты көмек қажет. Осыны ескере келе, біз бәріне тиімді шешім таптық», – деді Немчицкий.

Ол бұл мәселе талқылау деңгейінен нақты іске көшу сатысына жақындап қалғанын айтып, процесті сабырмен қабылдауға шақырды. Бұған дейін ЕО-ның сыртқы саясат бойынша өкілі Кая Каллас та Украинаға көмек көрсету тетігі бойынша айтарлықтай алға жылжу бар екенін айтқан. Оның айтуынша, бұл мәселе 23 қазанда өтетін ЕО саммитінде ресми түрде жариялануы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты келісімнің іске асырылуын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Венесуэла қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуге дайын

Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтағы қылмыстық топтарға қарсы күрес жүргізу мақсатында көршілес мемлекеттерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен операциялар өткізуге ұсыныс жасады.

АҚШ пен Украина арасындағы екі күндік келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатовпен Майамиде өткен екі күндік келіссөздері айтарлықтай нәтиже әкелген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Сеулде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа стратегиясындағы Оңтүстік Кореяның рөліне алаңдаушылық білдірілді

АҚШ-тың жаңартылған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігі мен аймақтық рөлінің жеткілікті түрде ескерілмеуі Сеулде алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды сенбі күні Ренхап агенттігі.