Евразия24ЖаңалықтарЕрлан Қарин Президентке ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп...

Ерлан Қарин Президентке ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

|

|

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда мәліметінше, Ерлан Қарин конституциялық құндылықтарды түсіндіру және кеңінен насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, қоғамда жаңа әдеп қағидаларын қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына ішкі саясат саласындағы негізгі жұмыстар, оның ішінде этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысында Президент бірқатар тапсырма беріп, конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, отансүйгіштік, жауапкершілік, адал еңбек, азаматтардың бірлігі мен ортақ жасампаз мақсаттарға жұмылуы – елдің тұрақты дамуының аса маңызды шарттары», – делінген Ақорда хабарламасында.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Польша президенті өз қатысуынсыз Сеймде ант берген Конституциялық сот судьясының өкілеттігін мойындамады

Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.

Қазақстан Құрылтайы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның бір палаталы парламенті...