Евразия24ЖаңалықтарЭстония Ресей шекарасына жақын қорғаныс нысандарын салуға кірісті

Эстония Ресей шекарасына жақын қорғаныс нысандарын салуға кірісті

|

|

Таллин. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Эстония Ресеймен шекаралас аймақта ауқымды қорғаныс құрылыстарын жүргізе бастады, деп хабарлайды ERR телерадиокорпорациясы.

Эстония Қорғаныс күштері Бас штабының инженер-инспекторы, подполковник Айнар Афанасьевтің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін ел аумағында 40 шақырымнан астам танкке қарсы орлар мен шамамен 600 бункер дайын болуы тиіс. Бұл бункерлердің бір бөлігі жерге орнатылып, қалған бөлігі орналастырылатын орындарға жақын маңда сақталады.

Шекара бойында қорғаныс дуалдары, “айдаһар тістері” деп аталатын бетон кедергілер мен қырлы сымдар да орнатылмақ.

Аталған танкке қарсы орлар Балтық қорғаныс аймағының бір бөлігі ретінде негізінен оңтүстік-шығыс шекара маңында қазылады. Өйткені шығыс пен солтүстік-шығыстағы табиғи тосқауыл ретінде Нарва өзені мен Псков көлі қарастырылып отыр.

Жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуық, ал ені 40 шақырымдай болатын бұл қорғаныс белдеуі құрлықтық шекара бойында салынбақ.

Биылғы жылы Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Эстонияда екі тірек пункті мен қоймалық инфрақұрылым салу жоспарланған. Қазіргі таңда кедергілерге арналған материалдар алдын ала сақтау орындарында жинақталған, ал жыл соңына дейін олар тірек нүктелеріне жақын аумақтарға жеткізілмек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.