Евразия24ЖаңалықтарГаза секторындағы шабуылдан Қызыл крест пен Қызыл жарты ай қызметкерлері жараланды

Газа секторындағы шабуылдан Қызыл крест пен Қызыл жарты ай қызметкерлері жараланды

|

|

Иерусалим, 11 шілде. INTERFAX. Газа секторында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) қызметкерлері Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) шабуылы кезінде жараланды. Бұл туралы Jerusalem Post басылымы ХҚКК-ның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қақтығыс аймағында жұмыс істеген гуманитарлық ұйым өкілдері кеше кешкісін атыс астында қалған. Оқиға салдарынан ХҚКК-ның екі қызметкері, Палестинаның Қызыл Жарты Ай ұйымының бір еріктісі және екі бейбіт тұрғын жарақат алған. Зардап шеккендер шұғыл түрде эвакуацияланып, қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Аталған жағдайға байланысты Израиль Қорғаныс армиясы ресми түсініктеме берді.

«Кеше кешкісін ЦАХАЛ-дың шабуылы кезінде Қызыл Крест қызметкерінің жараланғаны туралы хабар алдық. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген армияның мәлімдемесінде.

Израиль тарапы бейбіт тұрғындарға келген кез келген шығынға өкінетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС тобы Израильге қарсы шабуыл жасаған еді. Осыған жауап ретінде Израиль Газа секторында ХАМАС-қа қарсы әскери операция бастаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...