Евразия24ЖаңалықтарГермания жаңа жойғыш ұшақ жобасына серіктес іздеуде

Германия жаңа жойғыш ұшақ жобасына серіктес іздеуде

|

|

Берлин. 8 маусым. ИНТЕРФАКС —  Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус Германия үкіметі жаңа буын жойғыш ұшағын әзірлеу бойынша жаңа серіктестер іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Берлин мен Париж бірлескен Future Combat Air System (FCAS) жобасынан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.

«Өздеріңіз түсінгендей, біз бірнеше ай бойы осы мәселе бойынша әртүрлі тараптармен келіссөздер жүргізіп келеміз. Алайда бұл қандай жоба болуы мүмкін және оны кім басқаратыны туралы көпшілік алдында болжам жасағым келмейді», – деп келтіреді министрдің сөзін Bloomberg агенттігі.

Оның айтуынша, FCAS жобасының тоқтатылуы «шын мәнінде күтпеген жағдай болған жоқ». Писториус бұл шешім Берлин мен Париж арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпегенін атап өтіп, екі елдің бірқатар басқа бірлескен жобаларды іске асырып жатқанын немесе оларды іске қосуға дайындалып жатқанын айтты.

Сонымен қатар Bloomberg агенттігінің дереккөзі Германия билігі жойғыш ұшақты Испания мен Швеция қатысуымен әзірлеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Тағы бір нұсқа ретінде Ұлыбритания, Жапонияя және Италия жүзеге асырып жатқан алтыншы буын жойғыш ұшағын әзірлеуге арналған Global Combat Air Programme жобасына қосылу қарастырылуда.

Бұған дейін The Telegraph басылымы Елисей сарайы дереккөзіне сілтеме жасап, Париж бен Берлиннің алтыншы буын еуропалық перспективалы жойғыш ұшағын жасау жөніндегі бірлескен жобадан бас тартқанын хабарлаған еді.

FCAS бағдарламасы жобаға қатысушы Dassault Aviation және Airbus компаниялары арасындағы мақсаттарға қатысты түбегейлі келіспеушіліктерге байланысты тоқтатылды.

The Telegraph мәліметінше, өткен аптада өткен кездесуде Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Германия канцлері Фридрих Мерц бірлескен жойғыш ұшақ жобасына қатысушы компаниялар келісімге келе алмайды деген ортақ қорытындыға келген. Соның нәтижесінде жоба тоқтатылып, бұл Еуропаның ортақ қорғаныс әлеуетін нығайту бағытындағы күш-жігеріне елеулі соққы болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кінәсіз деп танылды

Атырау облысының Жангелдин ауылында 2025 жылы болған жан түршігерлік оқиға көпшіліктің есінде. Сол кезде жергілікті тұрғын Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің бүкіл отбасын – ата-анасын, бауыры мен сіңілсін өлтірген болатын.

Жалға берілетін электрсамокат пайдаланушылары жылдамдық шегін арттыруды сұрайды

Алматы әкімдігінің шектеу шараларын енгізуі негізсіз шешім деуге келмейді. Электрсамокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиілеуі және тұрғындар тарапынан әкімдікке түскен көптеген шағымдар мұндай шешім қабылдауға негіз болған.

«Байтақ» Құрылтайға үміткерлерін ұсынды

Партия ұсынған үміткерлердің құрамы сан алуан. Олардың арасында инженерлер, дәрігерлер, бұрынғы прокурорлар мен полиция қызметкерлері бар. Экологияны басты бағыты ретінде ұстанатын саяси ұйым үшін мұндай құрам біршама ерекшелеу көрінеді. Baytaq партиясы ұсынған 51 кандидаттың ішінде елге кеңінен танылған тұлғалар көп емес.

Қытайда тайфуннан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Қытайдың оңтүстігінде 3–4 шілде күндері Хайнань аралын басып өтіп, кейін құрлыққа жеткен Maysak тайфунының салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Табиғи апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар, туристер жиі баратын бірқатар нысан уақытша жабылды. Бұл туралы бейсенбі күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТИО) хабарлады.