Евразия24ЖаңалықтарХАМАС Газа секторында бітім орнату жөніндегі келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді

ХАМАС Газа секторында бітім орнату жөніндегі келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді

|

|

Вашингтон, 1 тамыз. INTERFAX – CNN арнасының хабарлауынша, палестиналық ХАМАС қозғалысы Газада тұрақты бітім орнату және Израиль әскерін толық шығару жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұл ниет гуманитарлық жағдайдың айтарлықтай жақсаруы мен қарсы тараптан жазбаша жауаптың берілуі сияқты бірқатар талаптармен шартталған.

«Қарсы тарап біздің әрекеттерімізге ресми жазбаша жауап беріп, қазіргі гуманитарлық апатты жағдайды жақсартпайынша, келіссөздерге оралу мүмкін емес», – деді ХАМАС саяси бюросының мүшесі Басем Наим CNN арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «қазіргі ашаршылық жағдайында келіссөздерді жалғастырудың мәні мен тиімділігі жоқ».

Бұған дейін телеарна дереккөздерге сілтеме жасай отырып, ХАМАС қозғалысы бітімге келу және тұтқындарды босату бойынша барлық келіссөздерге қатысуды тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ пен Израиль өз делегацияларын келіссөздер өтіп жатқан Катар астанасы Дохадан кері қайтарып алды. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф ХАМАС-ты келіссөздер жүргізуде жауапсыздық танытты деп айыптаған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.