Евразия24ЖаңалықтарХАМАС-ты жою Израильдің басты мақсаты болып қала бермек

ХАМАС-ты жою Израильдің басты мақсаты болып қала бермек

|

|

ИЕРУСАЛИМ. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС. Израиль радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысына қарсы әскери әрекеттерді оны толық жойғанға дейін тоқтатпайды, деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

«Егер ХАМАС қаруын тапсырып, барлық қалған тұтқындарды босатса, соғыс ертең-ақ аяқталуы мүмкін», – деді ол шетелдік БАҚ үшін өткен баспасөз мәслихатында.

Премьер-министрдің айтуынша, «ХАМАС-тың қару тапсырудан бас тартуын ескере отырып, Израильдің бастағанын аяқтап, ХАМАС-ты түбегейлі талқандаудан басқа таңдауы жоқ».

Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) «Газа қаласында және сектордың орталық өңірлерінде ХАМАС-тың қалған екі тірек ошағын жою» жөнінде тапсырма берілгенін хабарлады.

Оның сөзінше, бұл жоспар іске асырылар алдында азаматтық тұрғындарға соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығуға және арнайы белгіленген қауіпсіз аймақтарда қалуға мүмкіндік жасалады.

Жеке өткен баспасөз жиынында Нетаньяху, ХАМАС-тың мәміле жасауға қойған шарттары іске асуы мүмкін еместігін, бұл тұрғыда АҚШ-тың да ұстанымы Израильмен үндес екенін жеткізді.

Нетаньяху Израиль әскерін Газа секторынан толық шығару және қақтығыстың қайта жалғасуына тосқауыл болатын халықаралық кепілдіктер беру талаптарын орындалмайтын әрі қабылдауға келмейтін деп атады.

«Бұл – капитуляция шарттары. Мұндай талаптарды бірде-бір жауапты үкімет қабылдамайды, әрі мен де қабылдамаймын», – деп түйіндеді Израиль премьер-министрі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.