Евразия24ЖаңалықтарИсландия халқы ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берген

Исландия халқы ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берген

|

|

Брюссель. 30 тамыз. ИНТЕРФАКС – Исландияның Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша өткен референдумына қатысқандардың жартысынан астамы бұл бастаманы қолдамады, деп хабарлады жексенбі күні Euractiv порталы.

Басылымның мәліметінше, референдумның ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Алайда алты сайлау округінің бесеуінен түскен алдын ала дерек бойынша, сайлаушылардың 52,5%-ы келіссөздерді қайта бастауға қарсы, ал 47,5%-ы қолдап дауыс берген.

Исландия премьер-министрі, «Социал-демократиялық альянс» партиясының төрағасы Криструн Фростадоуттир ЕО-мен келіссөздерді қайта бастауды қолдайтын саяси күштерді бастап отыр. Оның жақтастары еуро аймағына қосылу елдегі жоғары инфляция мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін деп есептейді. Ал қарсы тарап ЕО-мен келіссөз жүргізуге Үкіметке өкілеттік беру елдің дербестігіне, бизнеске және балық шаруашылығына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартқан. Әсіресе балық шаруашылығы басты мәселелердің бірі саналады, өйткені бұл сала Исландия экспортының шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді.

Euractiv дерегінше, ЕО басшылары қазан айында Брюссельде өтетін саммитте одақты алдағы уақытта кеңейтудің негізгі бағыттарын айқындауды жоспарлап отыр. ЕО басшылығы Исландияны Черногория секілді экономикасы шағындау елдердің бірімен қатар қабылдау мүмкіндігін қарастырған. Мұндай тәсіл ЕО мүшелігіне үміткер өзге мемлекеттер арасындағы күмәнді азайтады деп есептелген.

Сонымен қатар Исландия қазірдің өзінде ЕО заңнамасының едәуір бөлігін басшылыққа алады. Ел Еуропалық экономикалық аймаққа мүше және бірқатар ерекшелікті қоспағанда, Еуропаның бірыңғай нарығына қатысады.

Исландия 2009 жылы қаржы дағдарысы кезінде ЕО-ға мүше болуға өтініш берген, алайда 2013 жылы оны кері қайтарып алды. Ол кезде елдегі экономикалық жағдай тұрақтанып, биліктегі партия Еуроодақпен ықпалдастықты тереңдетпеу бағытын таңдаған еді.

2024 жылы билікке Еуропа елдерімен байланысты нығайтуды қолдайтын коалиция келгеннен кейін бұл мәселе қайта күн тәртібіне шықты. Коалициялық келісімде 2027 жылға дейін ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесін референдумға шығару көзделген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.