Евразия24ЖаңалықтарИзраиль 25 елдің гуманитарлық көмекке қатысты үндеуін сынға алды

Израиль 25 елдің гуманитарлық көмекке қатысты үндеуін сынға алды

|

|

Иерусалим. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Израиль Газа секторындағы соғыс қимылдарын тоқтатуға және анклав тұрғындарына гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуге шақырған 25 елдің Сыртқы істер министрлері қабылдаған бірлескен мәлімдемесін сынғаалды. Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлады.

«Израиль бұл мәлімдемені шынайылықтан алшақ әрі ХАМАС-қа теріссигнал жіберді», – делінген Израиль Сыртқы істер министрлігінің ресми жауабында.

Министрлік сондай-ақ, БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жеткізу тетіктерін «әлсіз» деп бағалады. Өйткені, израильдік тараптың мәліметінше, ХАМАС гуманитарлық көмекті өз қажетіне жаратып, сектордағы билігін нығайтуүшін пайдаланады.

Израиль премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі Дмитрий ГендельманTelegram парақшасында: «Бұл мәлімдемеде ХАМАС-қа қысым көрсетуге қатысты бірде-бір сөз жоқ, бұл тек әділетсіз ғана емес, сонымен қатар зиян», – деп жазды.

Израиль тарапының мәліметінше, атысты тоқтату жөніндегі бірнеше нақтыжәне әділ ұсыныстарды ХАМАС қабылдамай келеді.

Бұған дейін Ұлыбритания, Канада, Австралия, Франция және Италия сындыелдер бастаған 25 елдің сыртқы істер министрлері Израиль үкіметіне гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етіп, атысты тоқтатуға шақырған болатын.

Мәлімдемеде «Израиль үкіметі арқылы гуманитарлық көмек көрсету моделіқауіпті, тұрақсыздықты күшейтеді және Газа тұрғындарының адами қадір-қасиетін аяққа таптайды» деп көрсетілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.