Евразия24ЖаңалықтарUniversal Music АҚШ-та акцияларын орналастыру туралы өтініш берді

Universal Music АҚШ-та акцияларын орналастыру туралы өтініш берді

|

|

МӘСКЕУ. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНӘлемдегі ең ірі дыбыс жазу компаниясы саналатын Universal Music Group (UMG) АҚШ-та акцияларын жария түрде орналастыруға өтініш берді. Аталған ақпараттыкомпанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап, бірқатар халықаралық БАҚ таратты.

Компанияның мәліметінше, ұсынылатын акциялар қазіргі акционерлерге тиесілі, ал орналастырудан түскен қаржының барлығы соларға бағытталады. Universal Music бұл процестен тікелей табыс күтпейді. Қанша көлемде акция ұсынылатыны және олардың баға диапазоны кейінірек жария етіледі.

Еске салайық, UMG 2024 жылдың қаңтар айында АҚШ-та листингке шығу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Ол кезде компания американдық миллиардер Билл Акманның хедж-қорыPershing Square-ге тиесілі акциялардың бір бөлігін сату жоспарланып отырғанын хабарлаған. Қордың UMG-ға жалпы инвестиция көлемі шамамен $3,3 млрд құрайды.

Компанияның қазіргі уақытта Амстердам қор биржасында листингі бар. 2025 жылдың басынан бері UMG акциялары шамамен 9,5%-ға қымбаттады.

Universal Music портфелінде Тейлор Свифт, Леди Гага, Билли Айлиш, Дрейк сынды танымал орындаушылармен келісімшарттар бар. Сонымен қатаркомпания Queen, The Beatles және Боб Дилан сияқты аңызға айналған әртістердің музыкалық құқықтарына иелік етеді.

UMG-ның айтуынша, АҚШ-тағы листинг компанияның жаһандық инвесторлармен өзара байланысын кеңейтіп, нарықтағы позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вэнс: Иран саясатын өзгертпесе, 300 млрд долларлық көмек те, бұғатталған активтер де берілмейді

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранның халықаралық аренадағы саясаты түбегейлі өзгермейінше, елді қалпына келтіруге бөлінуі мүмкін 300 млрд доллар көлеміндегі қаражаттың да, бұғатталған ирандық активтердің де Тегеранға берілмейтінін мәлімдеді.

Мелони: Ресеймен келіссөз жүргізетін ЕО өкілі ірі мемлекеттердің қатарынан болмауы керек

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Украина төңірегіндегі дағдарысты реттеу мәселесі бойынша Ресеймен келіссөз жүргізетін Еуропалық одақтың арнайы өкілі ЕО-ның жетекші державаларының бірінен шықпауы тиіс деп есептейді.

NVIDIA B300 платформасына негізделген суперкомпьютер 2026 жылдың қазан айында Қосшыда іске қосылады

Ақмола облысындағы Астана маңындағы Қосшы қаласында NVIDIA B300 платформасы негізінде жасалған суперкомпьютерлік кластер 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.

Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға, сондай-ақ осы мәселеге қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.