Евразия24ЖаңалықтарИзраиль Президенті Макронның Палестинаны мойындау туралы мәлімдемесін сынға алды

Израиль Президенті Макронның Палестинаны мойындау туралы мәлімдемесін сынға алды

|

|

ИЕРУСАЛИМ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Израиль Президенті Ицхак Герцог Франция Президенті Эммануэль Макронның Палестина мемлекетін мойындау жөніндегі бастамасына қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл қадам Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға ықпал етпейді.

«Франция Президентінің бастамасы аймаққа бейбітшілік әкелмейді. Бұл лаңкестік қатерін жоюға да, кепілге алынғандарды үйлеріне қайтаруға да көмектеспейді», – деп жазды Ицхак Герцог әлеуметтік желі X парақшасында.

Бұған дейін Эммануэль Макрон қыркүйек айында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясында Франция Палестинаны ресми түрде мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеген болатын. Франция Президентінің пікірінше, бұл шешім – израильдіктер мен палестиналықтардың заңды мүдделерін қамтамасыз етудің жалғыз жолы және ол мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуы қажет.

Макронның бұл мәлімдемесін Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да айыптады. Алайда, Франция бастамасына Испания, Сауд Арабиясы және Иордания қолдау білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...