Евразия24ЖаңалықтарИзраильдің Қауіпсіздік кабинеті Нетаньяхудың Газа қаласын оккупациялау жөніндегі ұсынысын мақұлдады

Израильдің Қауіпсіздік кабинеті Нетаньяхудың Газа қаласын оккупациялау жөніндегі ұсынысын мақұлдады

|

|

Иерусалим. 8 тамыз. ИНТЕРФАКС – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі Қауіпсіздік кабинеті оның Газа қаласын Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) бақылауына алу жоспарын мақұлдағанын растады, деп хабарлады The Times of Israel газеті. Кеңсе таратқан мәлімдемеде, министрлер кабинетінің «Нетаньяхудың ХАМАС-ты жеңу жөніндегі ұсынысын» қолдау туралы шешімі айтылған. Басылымның жазуынша, кабинет мүшелерінің басым бөлігі сондай-ақ Израильдің ХАМАС-пен соғысты тоқтату үшін қоятын бес қағидаттан тұратын тізімді қолдады. Бұл қағидаттарға ХАМАС-ты қарусыздандыру, барлық тұтқындарды қайтару, секторды демилитаризациялау, қауіпсіздікке Израиль тарапынан бақылау орнату және азаматтық басқаруды ХАМАС пен Палестина ұлттық әкімшілігінің қатысуынсыз қалыптастыру кіреді. Axios порталы Қауіпсіздік кабинетінің шешімін ЦАХАЛ-дың Газа секторын толықтай оккупациялауын қамтуы мүмкін шабуылдың алғашқы кезеңі ретінде сипаттады.

Сонымен қатар, Нетаньяху алдыңғы күні Израильдің Газа секторын өз құрамына қосуды жоспарламайтынын айтты. Fox News арнасына берген сұхбатында ол: «Біз оны өзімізге қосуды қаламаймыз. Біз қауіпсіздік аймағын құруды қалаймыз және оны басқарғымыз келмейді. Басқаруды оны дұрыс басқарып, бізге қауіп төндірмейтін араб күштеріне бергіміз келеді», – деп нақтылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...