Евразия24Жаңалықтар«Катаиб Хезболла» тобы ресейлік-израильдік тұтқын Елизавета Цуркованы босатты

«Катаиб Хезболла» тобы ресейлік-израильдік тұтқын Елизавета Цуркованы босатты

|

|

Вашингтон. 10 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп 2023 жылы Бағдатта қарулы «Катаиб Хезболла» тобы тарапынан тұтқынға алынған қос азаматтықты (Израиль және Ресей) иеленетін Елизавета Цуркованың босатылғанын хабарлады.

«Принстон университетінің студенті, әпкесі АҚШ азаматы болып табылатын Елизавета Цуркованың «Катаиб Хезболла» ұйымы тарапынан босатылғанын қуана хабарлаймын. Ол ұзақ айлар бойы азаптауға ұшырағаннан кейін қазіргі уақытта АҚШ-тың Ирактағы елшілігінде», – деп жазды Трамп сейсенбі күні Truth Social желісінде.

Сонымен қатар ол ХАМАС ұйымын Газадағы израильдік тұтқындарды босатуға шақырды.

Цуркова 2023 жылы Бағдатта із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Араб басылымдарының хабарлауынша, ол жоғалар алдында ұзақ уақыт бойы Ирак астанасында болып, жергілікті шиииттер жетекшісі Мұқтада ас-Садрдың жақтастарынан сұхбат алған. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, оны Иранмен байланысы бар қарулы топтың мүшелері ұрлап кеткен болуы мүмкін.

Өз кезегінде Израиль билігі Цуркованың Иракқа ресейлік төлқұжатпен кіргенін, сондай тәжірибеге бұған дейін де жүгінгенін мәлімдеген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.