Евразия24ЖаңалықтарКентаудағы кафеде болған өрттен бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

Кентаудағы кафеде болған өрттен бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

|

|

АСТАНА. 1 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Түркістан облысының Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы мен одан кейін шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы орын алған. Құтқарушылар келіп жеткенге дейін ашық жалын байқалған. Кейін өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өртті толығымен сөндірілді.

«Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Оқиға Жаңа жыл түні болған. Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.