Евразия24ЖаңалықтарБолгария еуро аймағына қосылды

Болгария еуро аймағына қосылды

|

|

БРЮССЕЛЬ. 1 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария ресми түрде Еуропалық Одақтың бірыңғай валютасы – еуроға көшті.

Еуропалық орталық банк (ЕОБ) мәлімдемесінде бұл оқиға “ел үшін тарихи қадам және еуроаймақтың азаматтары мен кәсіпкерлері үшін үлкен артықшылық” ретінде сипатталды. ЕОБ болгар экономикасының тұрақтылығы артып, транзакциялар жеңілдейді және еуропалық интеграция тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Банк сондай-ақ бұл өзгерістер қоғамда алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін мойындай отырып, барлық кезеңдер егжей-тегжейлі жоспарланып, баға тұрақтылығына баса назар аударылатынын мәлімдеді.

Болгария ұлттық валютасы – левпен қош айтысып отыр. Бұл қадам елдің Еуроодаққа қосылғанына 19 жыл өткен соң жасалып отыр. Көптеген сарапшылар мен туристер бұл шешімнің тиімділігін атап өтсе, Болгарияның өз ішінде бағаның өсуіне қатысты алаңдаушылық байқалады. Мұндай үрдіс үш жыл бұрын еуроға өткен Хорватияда да байқалған.

Еуропалық комиссия (ЕК) Болгарияның еуроаймаққа қосылу үшін қажетті шарттарды орындағанын хабарлады: экономика тұрақтылығы, мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатысты 60%-дан аспауы және инфляция деңгейінің төмендігі. Бұл туралы ЕК 2025 жылғы 4 маусымда ресми мәлімдеме жасады.

ЕК төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, еуро Болгария экономикасын нығайтып, сауда көлемін арттырып, инвестициялар мен қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейтеді.

Ал 2025 жылғы 8 шілдеде ЕО Кеңесі Болгарияда еуроны енгізу үшін қажетті соңғы үш құқықтық актіні бекітті. Оның бірі еуро мен болгар левінің айырбас бағамын 1 еуро = 1,95583 лев деңгейінде бекітті. Бұл көрсеткіш – Болгарияның Еуроаймаққа кіру алдындағы валюта бағамының тұрақтылық механизмі шеңберінде белгіленген ресми курс.

Болгария – еуроаймақтың 21-мүшесіне айналды. Енді ЕО-да еуроны әлі қабылдамаған алты ел қалды: Венгрия, Дания, Польша, Румыния, Чехия және Швеция.

Еуроаймақ 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Ал 2002 жылдың 1 наурызынан бастап еуро – осы аймақ үшін заңды жалғыз төлем құралы ретінде енгізілген. Еуроаймаққа мүше елдер ақша-несие саясатына қатысты барлық өкілеттікті Еуропалық орталық банкке тапсырған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Финляндия Францияның ядролық тежеу бастамасына қосылды

Финляндия Франция ұсынған ядролық тежеу бастамасына қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ел президентінің кеңсесі мен Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Еуропа биржаларында индекстердің басым бөлігі төмендеді

Дүйсенбіде Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Тек Ұлыбритания нарығында өсім байқалды. Өңірдегі ірі компанияларды қамтитын Stoxx Europe 600 индексі Мәскеу уақытымен 12:49-да 0,3%-ға төмендеп, 637,19 тармақ болды.

Йемен билігі хуситтердің шабуылына Иранның «Кудс» күштерінің командирі көмектесті деп санайды

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) «Кудс» арнайы жасағы командирлерінің бірі, қаржы мәселелеріне жауапты Абдула Реза Шахлаи хуситтердің Йеменнің батыс жағалауындағы шабуылын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. Бұл туралы The National дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.