Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс ЕАЭО техникалық регламенттеріне мемлекеттік бақылау жөніндегі келісімге енгізілген түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс ЕАЭО техникалық регламенттеріне мемлекеттік бақылау жөніндегі келісімге енгізілген түзетулерді мақұлдады

|

|

Астана. 14 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «2021 жылы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын осы салада үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Аталған хаттама 2024 жылы 8 мамырда Мәскеу қаласында қол қойылған.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, құжат ЕАЭО құқығы мен одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы арасындағы қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін ықтимал беделдік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Хаттама арқылы келісім мәтініндегі бірқатар тұжырымдар нақтыланады. Атап айтқанда, құжаттың бүкіл мәтіні бойынша «қауіпті өнім туралы» деген тіркес «Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы» деген ұғыммен алмастырылады.

Заң әрі қарай Сенатқа жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...