Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

Оңтүстік Кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

|

|

Гонконг. 21 шілде. ИНТЕРФАКСӨткен аптада нөсер жауын салдарынан Оңтүстік Кореяда орын алған су тасқынынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті, деп хабарлайды «Ренхап» агенттігі.

Дүйсенбі таңындағы ресми дерек бойынша, 18 адамның қаза болғаны расталды, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Бұған дейін төрт адамның мерт болғаны жөнінде хабарланған.

Су тасқынына байланысты 14 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Оңтүстік Кореяның ұлттық метеорологиялық қызметі дүйсенбі күні таңертең Чолла-Намдо, Кенсан-Намдо провинцияларында және Чеджу аралындажауын-шашынның күшеюі мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ Чолла-Пукто мен Кенсан-Пукто провинцияларында жаңбыр таңғы сағат 9 шамасында басталуы ықтимал. Ал ел астанасы Сеул мен Канвондо провинциясында жауын-шашын күннің екінші жартысында күтіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.