Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Судан мен Уганда арасында қарулы қақтығыс басталды

Оңтүстік Судан мен Уганда арасында қарулы қақтығыс басталды

|

|

Лондон. 30 шілде. ИНТЕРФАКС – Уганда мен Оңтүстік Судан арасындағы шекара аумағында қарулы қақтығыс орын алып, салдарынан бес оңтүстіксудандық және бір угандалық әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы батыстық ақпарат агенттіктері Уганда Қарулы күштерінің ресми мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

 

Уганда тарапының ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Суданның Қорғаныс күштері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, аумақтан шығарылу талабына бағынбаған. Аталған жағдай қарулы жанжалға ұласып, адам шығынына әкелген.

 

Оңтүстік Судан армиясы қақтығыстың болғанын растағанымен, қайтыс болғандар туралы нақты ақпарат жариялаған жоқ.

 

Айта кету керек, Уганда ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Судан президенті Сальва Киирге адал күштерге қолдау көрсетіп келген. Ел тәуелсіздігін алған 2011 жылдан бастап, сондай-ақ азаматтық соғыс кезеңінде де бұл қолдау сақталған.

 

2024 жылғы наурызда Оңтүстік Судан билігі ел астанасы Джубадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Уганда армиясын ресми түрде көмекке шақырған болатын. Бұл шешім мемлекет басшысы Сальва Киир мен бірінші вице-президент Риек Мачар арасындағы қатынастың ушығуымен байланысты қабылданған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...