Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Папуа – Жаңа Гвинея, Соломон аралдары мен Вануату маңында цунами қаупі...

АҚШ Папуа – Жаңа Гвинея, Соломон аралдары мен Вануату маңында цунами қаупі туралы ескерту жариялады

|

|

Вашингтон. 30 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасы (NOAA) Папуа – Жаңа Гвинея, Соломон аралдары және Вануату жағалауларында цунами қаупі барын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

«NOAA бүгін Папуа – Жаңа Гвинея, Соломон аралдары мен Вануату үшін цунами қаупі туралы ескерту жасады», – деп хабарлайды арна.

Папуа – Жаңа Гвинеядағы АҚШ елшілігі осы аймақтағы америкалық азаматтарды жер сілкінісі сезілген жағдайда бірден биік аймақтарға көшуге дайын болуға шақырды. «Қосымша нұсқаулық берілгенге дейін теңіз жағалаулары, жағажайлар мен өзен маңынан аулақ болыңыздар», – делінген елшіліктің ескертуінде.

Сондай-ақ, АҚШ дипломатиялық миссиясы төтенше жағдай туындаған жағдайда қажет болатын ауызсу, азық-түлік, дәрі-дәрмек сынды қорларды алдын ала дайындауға кеңес берді.

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалы Telegram-арнасында 29 шілде күні сағат 11:24-те (Мәскеу уақытымен 02:24) Камчатка жағалауынан 161 шақырым шығысқа қарай, 32 шақырым тереңдікте 7,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жапония сарапшылары бұл жер селкінісінің қуаты 8,0 магнитуда деп бағаласа, АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісі магнитудасын 8,8 деп көрсеткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.

Британдық сарапшылар қазақстандық ЖИ жобаларының келешегін бағалады

Қазақстан өнеркәсіпке арналған жасанды интеллект әзірлеуге қатыса алады – британдық басылым. Жасанды интеллект Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласын ғана емес, экономиканың негізгі салаларын да өзгерте алады.

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.