Евразия24ЖаңалықтарПекиндегі су тасқынынан 30 адам қаза тапты

Пекиндегі су тасқынынан 30 адам қаза тапты

|

|

29 шілде. ПЕКИН – Қытай астанасында соңғы күндері жауған нөсерлі жаңбыр салдарынан 30 адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні Пекин қаласында жауған жауынның салдарынан болған су тасқыннан 30 адам көз жұмған.

Қала билігі төтенше жағдайға ден қоюдың ең жоғары деңгейін енгізді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин су тасқыны кезінде азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Ол жоғалғандарды іздестіруді және қауіп төнген аудандардан тұрғындарды дереу эвакуациялауды міндеттеді.

Соңғы күндері Қытайдың шығыс, солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерінде жауған күшті жауын-шашын Пекин, Хэбэй, Цзилинь және Шаньдун провинцияларында су тасқынына әкеліп, көптеген адам шығынына себеп болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...