Евразия24ЖаңалықтарАҚШ КХДР-мен келіссөз жүргізу үшін Пхеньянды ядролық держава ретінде мойындауы қажет

АҚШ КХДР-мен келіссөз жүргізу үшін Пхеньянды ядролық держава ретінде мойындауы қажет

|

|

ГОНКОНГ. 29 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ егер Пхеньянға деген көзқарасын өзгертпесе және Солтүстік Кореяны ядролық қаруға ие мемлекет ретінде мойындамаса, КХДР мен АҚШ басшылары арасындағы кездесу Вашингтон үшін тек «үміт» күйінде қала береді. Бұл туралы Корея Еңбек партиясы Орталық комитеті басқармасының басшы орынбасары, Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон мәлімдеді.

«Егер АҚШ қазіргі шынайылықты мойындамай, тек өткен сәтсіздіктерге байланып қалса, КХДР мен АҚШ арасындағы кездесу олар үшін орындалмас арман болып қала береді», – делінген Ким Ё Чжонның Корей Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) таратқан мәлімдемесінде.

Ол қазір 2018 — 2019 жылдар емес, 2025 жыл екенін еске салды.

«Мемлекетіміздің ядролық қаруға ие ел ретіндегі қайтарымсыз мәртебесін, оның әлеуетін және геосаяси жағдайдың түбегейлі өзгергенін мойындаубарлық ықтимал болжамдар мен пікірлердің алғышарты болуы тиіс», – деп атап өтті КХДР көшбасшысының қарындасы.

Ким Ё Чжонның айтуынша, Солтүстік Кореяның ядролық мәртебесін жоққа шығару әрекеттері қабылданбайды. Мемлекет басшылары арасындағы байланыс орнату арқылы Пхеньянды ядролық қарудан бас тартуға мәжбүрлеу әрекеттері «келемеж» ретінде қабылданады.

Оның пікірінше, екі ядролық держава арасындағы қақтығыстың ешкімге пайдасы жоқ екенін түсінетін уақыт келді және тараптар жаңа көзқарас негізінде өзара байланыс орнатудың балама жолдарын іздеуі қажет.

Бұған дейін Ақ үй өкілі «Ренхап» агенттігіне берген мәлімдемесінде, АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ды денуклеаризациялау мақсатында Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен диалог орнатуға әлі де ашық екенін хабарлаған.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытай мен Аустралия қор нарықтары өссе, Оңтүстік Кореяда төмендеу байқалды

Дүйсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері негізінен өсім көрсетті. Тек Оңтүстік Кореяның акциялар нарығы төмендеді.

Lockheed Martin Patriot кешеніне арналған арзанырақ жаңа тосқауыл зымырандарын әзірлеуді жоспарлап отыр

Lockheed Martin корпорациясы АҚШ пен Еуропадағы серіктестерімен бірлесіп Patriot зениттік-зымыран кешендеріне (ЗЗК) арналған жаңа тосқауыл зымырандарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Financial Times (FT) басылымының хабарлауынша, олардың құны қазіргі үлгілерден екі еседен астам арзан болады.

Си Цзиньпиннің АҚШ-қа қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапары әзірге өзгеріссіз қалды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға мемлекеттік сапары бұрынғыдай қыркүйек айына жоспарланған. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайды америкалық сайлауға араласуға тырысты деп айыптаған мәлімдемелерінен кейін де бұл жоспарға өзгеріс енгізілген жоқ.

Иран келіссөздерді әскери басымдыққа қол жеткізгеннен кейін ғана қарастыруы мүмкін

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ел әскери майданда стратегиялық басымдыққа қол жеткізгеннен кейін ғана АҚШ-пен қақтығысты келіссөз арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыруы ықтимал екенін мәлімдеді.