Евразия24ЖаңалықтарПентагон басшысы Ақ үймен келіспестен қару-жарақ жеткізілімін уақытша тоқтатты

Пентагон басшысы Ақ үймен келіспестен қару-жарақ жеткізілімін уақытша тоқтатты

|

|

Вашингтон. 9 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсетөткен аптада Украинаға бірқатар қару түрлерін жеткізуді уақытша тоқтатутуралы шешімді Ақ үймен алдын ала келіспестен қабылдаған. Бұл туралы CNN телеарнасы бірнеше дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәліметінше, бұл шешім әкімшілік ішінде түсініспеушілік туғызып, оның себептерін анықтауға және Конгресс пен Украина үкіметіне бұл әрекетті қалай түсіндіруге болатынын талқылауға мәжбүрлеген.

АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Кит Келлог пен президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио да бұлүдеріс туралы алдын ала хабарланбаған, олар да бұл туралы алғаш рет БАҚ арқылы білген.

CNN атап өткендей, АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні бұл шешімге өзі жауапты емес екенін мәлімдеді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сол күні өткен үкімет отырысында Трамп қару-жарақ жеткізуді тоқтату шешімін кімнің қабылдағанын сұрағанда: «Мен білмеймін, неге маған айтпадыңдардеп жауап берген.

CNN-ге берген түсініктемесінде Пентагонның ресми өкілі Кингсли Уилсон: «Министр Хегсет президентке әскери көмектің көлемі мен қордағы мүмкіндіктерге қатысты толық ақпарат ұсынды. Бұл жұмыс үкіметпен үйлестіріліп жүргізілді»,деді.

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Хегсет бұл шешім туралы алдын ала хабар берді ме деген сауалға: «Пентагон барлық шетелдік мемлекеттерге көрсетілетін қолдаудың АҚШ мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету үшін тиісті тексерулер жүргізді»,деп жауап қайтарды.

Трамп алдыңғы күні Украинаға қару жеткізуді күшейту қажет екенін айтқан еді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу кезінде: «Көбірек қару жіберуіміз керек. Олар өздерін қорғай алуы тиіс»,деді.

Президенттің айтуынша, жеткізілім бірінші кезекте қорғаныс мақсатындағы қару түрлерін қамтиды.

Бұған дейін Трамп Украинаға қару жөнелту мәселесі АҚШ-тағы қорлардың жеткіліктілігіне байланысты болатынын айтқан.

Трамп журналистерге берген сұхбатында: «(АҚШ-тың бұрынғы президентіДжо – ИФ) Байден оларға шамадан тыс қару берді, нәтижесінде өзіміздің қорлар таусылып қалды. Алдымен өзімізде жеткілікті қару бар екеніне көз жеткізуіміз керек»,деген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

2026 жылы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін

2026 жылдың вегетациялық кезеңінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі ықтимал.

Қазақстанда әуе тасымалы 10 айда 6,5%-ға артты

2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстанда әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауыранбаев мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Чехия мен Нидерландтағы елшілерді ауыстырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдердегі дипломатиялық корпусқа қатысты бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Литва Беларусь активтерін бұғаттау немесе тәркілеу мүмкіндігін қарайды

Литваның Мемлекеттік қорғаныс кеңесі (VGT) желтоқсан айының ортасында Литва аумағында орналасқан Беларусьтің қандай активтері бұғатталуы немесе тәркіленуі мүмкін екенін талқылайды. Бұл туралы Литва Президенті Гитанас Науседа мәлімдеді.