Евразия24ЖаңалықтарИзраиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі нәтижесіз аяқталды

Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі нәтижесіз аяқталды

|

|

Иерусалим. 9 шілде. ИНТЕРФАКС – Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату жөніндегі келісімге қатысты Катар астанасы Дохада өткен жанама келіссөздердің бесінші кезеңі айтарлықтай нәтижесіз аяқталды. Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлады.

Басылым дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Катарда өткен бұл келіссөздер кезеңі атысты тоқтату мен кепілдегі азаматтарды босату бойынша келісімге қол жеткізуде елеулі ілгерілеу әкелмегенін жазды.

Палестиналық өкілдің айтуынша, келіссөз процесі тұйыққа тірелген, себебі«Израиль делегациясының шешім қабылдау құзыреті жоқ және олар әрбірмәселені Тель-Авивпен келісуге мәжбүр». Бұл жағдайды палестиналық тарап Израильдің келісімге қол жеткізуге әдейі кедергі жасап отырған әрекеті деп бағалап отыр.

Сонымен қатар, АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткоффтың сейсенбі күні Дохаға жоспарланған сапарын кейінге қалдырғаны белгілі болды. «Америкалық дипломат келіссөздерді қорытындылау үшін Катарға баруды жоспарлап отыр, алайда сапарының кейінге қалдырылуы келіссөздерде әзірге айтарлықтай ілгерілеу жоқ екенін аңғартады», – деп жазады басылым.

Осыған дейін Уиткофф келісім осы аптаның соңына дейін дайын болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Өз кезегінде Sky News телеарнасы Израиль мен ХАМАС арасындағы жалғыз шешілмеген мәселе – Израиль армиясының (ЦАХАЛ) Газадағы мәртебесімен әскери қатысуы екенін хабарлады.

Телеарна дереккөздерінің мәліметінше, тараптар гуманитарлық көмек жеткізу тәртібі және Израильдің 60 күндік уақытша бітімнен кейін әскери қимылдарды қайта бастамайтыны туралы АҚШ-тың кепілдігін алу мәселелері бойынша ортақ шешімге келген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.