Евразия24ЖаңалықтарPfizer семіздікке қарсы дәрі-дәрмек әзірлейтін Metsera компаниясын сатып алмақ, мәміле құны 10...

Pfizer семіздікке қарсы дәрі-дәрмек әзірлейтін Metsera компаниясын сатып алмақ, мәміле құны 10 млрд долларға дейін жетуі мүмкін

|

|

Мәскеу. 10 қараша. ИНТЕРФАКС. Америкалық фармацевтикалық алып Pfizer Inc. семіздік пен кардиометаболикалық ауруларды емдеуге арналған препараттар әзірлейтін Metsera Inc. компаниясын сатып алатынын мәлімдеді. Келісім құны 10 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Metsera таратқан ресми хабарламаға сәйкес, Pfizer компания акциясының бір данасы үшін 65,6 доллар төлеуге келіскен. Бұдан бөлек, Metsera акционерлері АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) тарапынан белгілі бір дәрілерге мақұлдау алынған жағдайда, әр акция үшін қосымша 20,65 долларға дейін ала алады.

Осылайша, Pfizer компаниясы Metsera-ның әр акциясы үшін жалпы 86,25 долларға дейін төлеуі ықтимал.

Еске сала кетейік, Pfizer биыл қыркүйек айында Metsera компаниясын 7,3 миллиард долларға сатып алу туралы келісім жасаған болатын. Алайда кейінірек Даниялық фармацевтикалық алпауыт Novo Nordisk Metsera-ға шамамен 9 миллиард доллар көлемінде тиімдірек ұсыныс жасады.

Осы жағдайдан кейін Pfizer өз ұсынысын қайта қарап, жақсартылған шарттар ұсынды. Нәтижесінде Metsera-ның директорлар кеңесі акционерлерге дәл осы ұсынысты қолдауға кеңес берді. Мәміле 13 қарашада өтетін арнайы акционерлер жиналысынан кейін жабылуы тиіс.

Novo Nordisk өз кезегінде ұсынысын қайта қарастырмайтынын хабарлады.

Metsera компаниясы 2022 жылы құрылған. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.