Евразия24ЖаңалықтарПрезидент авиация мүмкіндігін ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауға белсендірек пайдалануды тапсырды

Президент авиация мүмкіндігін ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауға белсендірек пайдалануды тапсырды

|

|

Астана. 14 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелдік нарықтарға үздіксіз жеткізу үшін авиатасымал әлеуетін неғұрлым белсенді қолдану қажеттігін айтты.

«Сарапшылардың болжамынша, алдағы он жылда әлемде қызыл ет тұтыну көлемі 233 млн тоннаға дейін артады. Қазақстан бұл өнімді, әсіресе Азия елдеріне, ірі көлемде жеткізе алатын әлеуетке ие. Қазіргі уақытта қой етін экспорттау бойынша еліміз Моңғолия, Нидерланд, Испания, Франция сияқты елдерден қалып қойып отыр. Алайда бізде жайылымдық жер қоры анағұрлым мол. Сондықтан қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін толық ашуға қолайлы жағдай жасау қажет», – деді Президент Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.

Мемлекет басшысының айтуынша, Парсы шығанағы елдері Қазақстаннан ет өнімдерін жыл бойы тұрақты түрде алуға қызығушылық танытып отыр. Алайда, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе арқылы тасымалдау тетіктері үйлестірілмеген әрі тиісті деңгейде реттелмеген.

«Кәсіпкерлер бұл мәселеде көбіне жалғыз қалады. Бүгін маған еттің Біріккен Араб Әмірліктеріне тұрақты әуе рейстерімен жөнелтіліп жатқаны туралы мәлімет берілді. Бұл тәсілдің тиімділігіне күмән бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президенттің пікірінше, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Ақтау әуежайлары арнайы экономикалық аймақтар аясындағы жеңілдіктерді ескерсек, халықаралық әуе бағыттарына кіріккен өңірлік логистикалық хабтарға айналуға әбден қауқарлы.

«Аталған әуежайлардың осы режимде толыққанды жұмыс істеуі ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді. Үкімет бұл мәселені жан-жақты қарап, нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кувейттің KPC компаниясы мұнай-химия нысандарына дрондармен жасалған шабуыл туралы хабарлады

Кувейттің мемлекеттік Kuwait Petroleum Corporation компаниясы мұнай өндіру және мұнай-химия нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл туралы мәлімдеді.

ОПЕК+ елдерінің бір тобы мамырда мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ келісімі аясында бұрын мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан сегіз мемлекет мамыр айында өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыру жөнінде ортақ ұстанымға келген.

АҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

АҚШ арнайы жасағы Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы барысында ирандық күштермен қақтығысқа түсті.

Израиль бір тәулікте Ирандағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, Израиль әуе күштері бір тәулік ішінде Иран аумағындағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы берген.