Евразия24ЖаңалықтарПрезидент Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық түзетулерін бекітті

Президент Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық түзетулерін бекітті

|

|

АСТАНА. 24 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Аталған заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленген.

Түзетулер аясында көру қабілеті бұзылған адамдардың авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ жарияланған шығармаларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған. Бұл – шығармаларды жария түрде орындау, тарату немесе көпшілікке жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, тауар белгілерін жедел тіркеу рәсімі енгізіледі. Қазіргі таңда бұл процесс жеті айға дейін созылады. Жаңа заң жедел рәсімдеуді ақылы түрде үш айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге өз тауарларын нарыққа жылдамырақ шығаруға жол ашады.

Бұдан бөлек, тауар белгісі ретінде тіркелуге ұсынылған белгіге қарсылық білдіру мерзімі ұзартылады. Бұрын бұл мерзім бір ай болса, енді екі айға дейін ұзартылды.

Авторлық және сабақтас құқық нысандарының пайдаланылуын бақылау мақсатында мемлекеттік қадағалау тетігі енгізіледі. Бұл тексерулер әділет органдары тарапынан авторлар мен құқық иеленушілердің өтініштері негізінде жоспардан тыс жүргізіледі.

Заңдағы маңызды жаңалықтардың бірі – ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны енгізу болып отыр. Аталған платформаны енгізу, оны басқару, ақпараттық толтыру, сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету жұмыстарын Ұлттық зияткерлік меншік институты жүзеге асыратын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...