Евразия24ЖаңалықтарПрезидент Тоқаев АҚШ-пен сауда келіссөздеріне дайын екенін мәлімдеді

Президент Тоқаев АҚШ-пен сауда келіссөздеріне дайын екенін мәлімдеді

|

|

АСТАНА. 10 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесі Дональд Трампқа Қазақстаннан келетін тауарларға кедендік баж салығы енгізілуіне байланысты жауап хат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарының ұзақ мерзімді сауда және инвестициялық әріптесі ретінде әділ, болжамды және өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуға бейілді екенін атап өтті. Қазақстан президенті сауда мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында сындарлы диалогтыжалғастыруға дайын екенін растады», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сауда мәселесі бойынша екі жақты ымыраға келуге болатынына сенімділік білдірген.

Еске сала кетейік, 7 шілде күні Астанаға АҚШ президенті Дональд ТрамптанҚазақстанды да қамтитын елдерге қатысты 2025 жылдың 1 тамызынан бастапжаңа импорттық баж салығын енгізу туралы ресми хабарлама жолданған болатын. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдерге бірыңғай 25 пайыздық ставка белгіленді.

Алайда Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің 95 пайызына әсер етпейді. Негізгі стратегиялық тауарларшикі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан жаңа тарифтерден босатылады.

Бұған дейін қосымша баж салығы фосфор (2024 жылғы экспорт көлемі – $15,9 млн), ферросилиций ($12,7 млн), линза ($4,1 млн), бидай клейковинасы($4 млн), аммиак селитрасы ($2,4 млн) сынды өнімдерге қатысты болуы мүмкін екені айтылған.

Қазақстан Үкіметі АҚШ-тың Ақ үй әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс пен бастама жолдады және алдағы келіссөздерге дайындық жүргізуде.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен АҚШ арасындағы 2024 жылғы тауар айналымы $4,2 млрд-ты құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Экспорт құрылымында Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілетін негізгі тауарлар: шикі мұнай (56,2%), уран (16,4%), күміс (12,2%), ферроқорытпа (9,5%), тантал және оның бұйымдары (0,9%).

2025 жылдың қаңтармамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $1,265 млрд-ты құрап, оның ішінде Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт көлемі $418,2 млн болды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.