Евразия24ЖаңалықтарПрезидент Тоқаев АҚШ-пен сауда келіссөздеріне дайын екенін мәлімдеді

Президент Тоқаев АҚШ-пен сауда келіссөздеріне дайын екенін мәлімдеді

|

|

АСТАНА. 10 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесі Дональд Трампқа Қазақстаннан келетін тауарларға кедендік баж салығы енгізілуіне байланысты жауап хат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарының ұзақ мерзімді сауда және инвестициялық әріптесі ретінде әділ, болжамды және өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуға бейілді екенін атап өтті. Қазақстан президенті сауда мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында сындарлы диалогтыжалғастыруға дайын екенін растады», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сауда мәселесі бойынша екі жақты ымыраға келуге болатынына сенімділік білдірген.

Еске сала кетейік, 7 шілде күні Астанаға АҚШ президенті Дональд ТрамптанҚазақстанды да қамтитын елдерге қатысты 2025 жылдың 1 тамызынан бастапжаңа импорттық баж салығын енгізу туралы ресми хабарлама жолданған болатын. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдерге бірыңғай 25 пайыздық ставка белгіленді.

Алайда Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің 95 пайызына әсер етпейді. Негізгі стратегиялық тауарлар – шикі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан жаңа тарифтерден босатылады.

Бұған дейін қосымша баж салығы фосфор (2024 жылғы экспорт көлемі – $15,9 млн), ферросилиций ($12,7 млн), линза ($4,1 млн), бидай клейковинасы($4 млн), аммиак селитрасы ($2,4 млн) сынды өнімдерге қатысты болуы мүмкін екені айтылған.

Қазақстан Үкіметі АҚШ-тың Ақ үй әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс пен бастама жолдады және алдағы келіссөздерге дайындық жүргізуде.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен АҚШ арасындағы 2024 жылғы тауар айналымы $4,2 млрд-ты құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Экспорт құрылымында Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілетін негізгі тауарлар: шикі мұнай (56,2%), уран (16,4%), күміс (12,2%), ферроқорытпа (9,5%), тантал және оның бұйымдары (0,9%).

2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $1,265 млрд-ты құрап, оның ішінде Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт көлемі $418,2 млн болды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Киев Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтату туралы өтінішін елемегеннен кейін Мәскеумен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украина Президенті Владимир Зеленский Вашингтонның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды тоқтату жөніндегі бірнеше мәрте жасаған өтінішіне құлақ аспағаннан кейін Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісім жасасуға шешім қабылдады. Бұл туралы жағдайдан тікелей хабардар америкалық шенеунік Axios басылымына мәлімдеді.

Пентагон стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды алыс қашықтыққа ұшатын кемеге қарсы зымырандармен жабдықтамақ

АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.

Иран АҚШ соққыларына қарамастан зымырандар мен дрондар шығаратын зауыттарын сақтап қалды

АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына қарамастан, Иран баллистикалық зымырандар мен соққы беруші дрондар шығаратын зауыттарын сақтап қалды. Соның арқасында ел қару-жарақ қорын толықтыра алады. Бұл туралы жағдайдан хабардар ресми тұлғаларға сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

Британ полициясы Корольдік әуе күштерінің базасында ұсталған екі Латвия азаматын кепілмен босатты

Ұлыбританияның Корольдік әуе күштерінің Моулсворт базасына заңсыз кіргені үшін ұсталған екі Латвия азаматы кепілмен босатылды. Бұл туралы британ полициясының терроризмге қарсы күрес басқармасы хабарлады.