Евразия24ЖаңалықтарQarmet екі жыл ішінде болат өндіру көлемін 22%-ға арттырды

Qarmet екі жыл ішінде болат өндіру көлемін 22%-ға арттырды

|

|

Астана. 10 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургиялық комбинат Qarmet (бұрынғы ArcelorMittal Temirtau) директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Андрей Лаврентьевтің мәліметінше, соңғы екі жылда Qarmet болат өндіру көлемін 22%-ға, көмір концентратын өндіруді 26%-ға, темір кенін өндіруді 32%-ға арттырған. Сонымен қатар кәсіпорын шығаратын болат маркаларының саны 260-тан 350-ге дейін көбейген.

Комбинат атом электр станцияларын салуда қолданылатын өнімдерді қоса алғанда, жаңа премиалды болат маркаларын шығару бағытында да жұмыс жүргізіп жатыр.

Өз кезегінде Президент Тоқаев кәсіпорынды кешенді жаңғырту, әлеуметтік міндеттерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту және машина жасау өндірісін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетсек, халықаралық ArcelorMittal концерні 1990-жылдардан бері Қазақстанның ең ірі металлургиялық кәсіпорны – «АрселорМиттал Теміртауды» иеленіп келген. 2023 жылдың екінші жартысында Қазақстан билігінің бастамасымен кәсіпорынмен ынтымақтастық тоқтатылды. Бұған кәсіпорында орын алған бірнеше апат пен адам өліміне әкелген оқиғалар себеп болды.

ArcelorMittal-дың бұрынғы активтерін («АрселорМиттал Теміртау» және Ақтаудағы құбыр зауыты) жаңа инвестор – Allur автокөлік өндірушісі компаниясының тең иесі Андрей Лаврентьев $286 млн-ға сатып алды. Жаңа инвестор кәсіпорынның атауын Qarmet деп өзгертті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...