Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі кешенді жоспары туралы қарарын...

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі кешенді жоспары туралы қарарын құптайды

|

|

Астана. 18 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі кешенді жоспарға қатысты 2803 (2025) қарарын қабылдауын құптайды. Бұл туралы сейсенбі күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылды.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды. Атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуде маңызды үлес қосқан Америка Құрама Штаттарының және Президент Дональд Трамптың, сондай-ақ өзге де елдердің күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – делінген ҚР СІМ таратқан ресми хабарламада.

Министрлік бұл қарарды Газадағы жағдайды реттеу, тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіру және Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы маңызды қадам деп бағалайды.

«Қазақстан БҰҰ Жарғысы, Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарлары мен халықаралық гуманитарлық құқық негізінде, сондай-ақ “екі халыққа – екі мемлекет” қағидатына сәйкес, Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, жан-жақты және тұрақты жолмен шешілуін әрдайым қолдайды. Бұл қағида тәуелсіз, өміршең әрі аумақтық тұтастығы сақталған Палестина мемлекетін құруды көздейді», – деп атап өтті Сыртқы істер министрлігі.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстанның Авраам келісімдері аясында барлық серіктестермен, оның ішінде негізгі арағайын елдермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін және жағдайды тұрақтандыруға, халыққа гуманитарлық көмек көрсетуді арттыруға және ұзақ мерзімді саяси үдерісті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға әзір екенін мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.