Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Ирандағы азаматтарын құрлық шекаралары арқылы шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан Ирандағы азаматтарын құрлық шекаралары арқылы шығаруды жоспарлап отыр

|

|

Астана. 1 наурыз. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иранда жүрген азаматтарға елден шығу тәртібін нақтылау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен дереу байланысуды ұсынды.

Министрлік мәліметінше, Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігі жабылып, әуе рейстері уақытша тоқтағандықтан, азаматтардың елден шығу жолдары құрлықтағы шекаралар арқылы қарастырылып жатыр. Осыған байланысты Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан бағыттары бойынша шығу мүмкіндігін алдын ала келісу қажет екені атап өтілген.

Бұған дейін СІМ Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы жүргенін хабарлаған. Оның ішінде 18 адам – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі – студент, 70 азамат «Заркух» зауытында еңбек етеді. Тағы 6 Қазақстан азаматы Иранда жеке шаруаларымен жүр.

Сонымен қатар министрлік Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп, сақ болуды қатаң түрде ескертті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев соққыларға байланысты БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт басшыларына қолдау білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына жеке жолдаулар жолдады.

Air Astana 800-ге жуық жолаушыны уақытша қонақүйлерге орналастырды

Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы өз есебінен шамамен 800 жолаушыны бір тәулікке қонақүйлерге орналастырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында сәуірде мұнай өндіру көлемін арттыра алады

ОПЕК жариялаған материалдарға сәйкес, ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан сәуір айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге арттырып, 1,579 млн баррель деңгейіне жеткізе алады.

Тегеранда жарылыстар жалғасуда

Аль-Джазира телеарнасының хабарлауынша, Тегеранда Иран аумағына жасалып жатқан әуе соққыларының жалғасуы салдарынан жаңа жарылыстар тіркелді.