Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Иранға арпа экспортын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Иранға арпа экспортын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр

|

|

Астана. 11 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, Астана мен Теһран Қазақстан арпасын Иран нарығына жеткізу көлемін бірнеше есеге ұлғайту мүмкіндігін талқылап жатыр.

«Қазақстан Иранға астық пен өзге де дәнді дақылдарды жеткізетін ірі экспорттаушылардың бірі. Мәселен, былтыр Иранға 500 мың тоннадан астам арпа жөнелтілді. Біз бұл көлемді бірнеше есеге арттыруға қауқарлымыз. Бұл мәселе Иран Президенті Масуд Пезешкианмен өткен келіссөздер барысында жан-жақты талқыланды», – деді Тоқаев бейсенбі күні Астанада өткен келіссөздерден кейін.

Мемлекет басшысы сондай-ақ тараптар су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін басқарудың заманауи әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасуға келіскенін хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...