Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен ЕО кеңесінің кезекті отырысы 1 желтоқсанда өтеді

Қазақстан мен ЕО кеңесінің кезекті отырысы 1 желтоқсанда өтеді

|

|

Астана. 24 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 1 желтоқсан күні Брюссель қаласына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық кеңесінің 22-отырысына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы жан-жақты серіктестікті кеңінен талқылайды және он жыл бұрын қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру мәселелерін қарастырады», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары – энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ стратегиялық шикізатты өндіру және пайдалану салаларына ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, отырыс аясында өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу және нақты бірлескен жобаларды іске асыру бойынша практикалық қадамдарды қарау жоспарланып отыр.

Сапар аясында, 2 желтоқсанда, Швейцария тарапының шақыруымен Көшербаевтың Швейцарияға ресми сапары өтеді.

«Сапар барысында министр Швейцария вице-президенті, Экономика, білім және ғылыми зерттеулер федералдық департаментінің басшысы Ги Пармеланмен, сондай-ақ Швейцария Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассиспен келіссөздер жүргізеді», – делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Кездесулерде Қазақстан мен Швейцария арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Швейцарияның 2026 жылы ЕҚЫҰ төрағалығы аясындағы көпжақты күн тәртібінің негізгі аспектілері талқыланады.

Бұдан бөлек, Швейцарияның жетекші іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...