Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Оңтүстік Кореяның KIND корпорациясы Алатау қаласын дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы...

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның KIND корпорациясы Алатау қаласын дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

|

|

Астана. 11 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі, мемлекеттік Alatau City Authority қоры және Кореяның Шетелдік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық корпорациясы (KIND) Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Үкімет баспасөз қызметі.

Аталған құжат Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму жөніндегі ұлттық корпорациясының президенті әрі бас директоры Ким Бок-хванмен Астанада өткізген кездесу аясында рәсімделді. Бұл кездесу қазан айында Сеулде өткен Alatau Rise with Kazakhstan роуд-шоуының жалғасы болды. Іс-шара барысында қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырған болатын.

«Көптеген оңтүстіккореялық компаниялар біздің болашағы зор Alatau Smart City жобамызды қолдап отыр, бұл біз үшін өте құптарлық жайт. KIND корпорациясы инфрақұрылым саласындағы жобаларға, оның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, ағынды суларды өңдеу және кәріз жүйесі, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарында EPC-келісімшарт форматында қатыса алады», – деді Бозымбаев.

Кездесу барысында тараптар логистика мен порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де ықтимал жобалар бойынша бірлескен жұмыс жүргізу перспективаларын талқылады. Серіктестік үшін мүмкіндіктер кең екенін ескере отырып, вице-премьер KIND басшылығына Қазақстанда корпорацияның өкілдігін ашуды ұсынды.

Алатау қаласы Алматы облысында 2024 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Қаланың бас жоспары сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесіп әзірленген. 2025 жылғы қыркүйекте Президент Алатауға арнайы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Жоспарға сәйкес, Alatau City өңірдегі алғашқы толық цифрландырылған қалаға айналмақ: смарт-сити технологияларын енгізуден бастап, тауарлар мен қызметтерге криптовалюта арқылы төлем жасау мүмкіндігіне дейінгі шешімдер қамтылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.