Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Ресеймен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты стратегиялық маңызы жоғары бағыт деп санайды

Қазақстан Президенті Ресеймен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты стратегиялық маңызы жоғары бағыт деп санайды

|

|

АСТАНА. 11 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуді ерекше стратегиялық маңызды іс деп атады.

Бұл пікірін Мемлекет басшысы Мәскеуге мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында жарияланған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін бағыт-бағдар» атты авторлық мақаласында білдірді.

Президент өз мақаласында Қазақстан аумағынан 13 халықаралық көлік дәлізі өтетінін, оның ішінде бесі – теміржол, сегізі – автокөлік бағыты екенін еске салды. Бұл дәліздер Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының шамамен 85%-ын қамтамасыз етіп отыр.

«Қазақстан мен Ресейдің ауқымды аумағы мен географиялық орналасуын ескере отырып, транзиттік бағыттарды және оған қажетті инфрақұрылымды дамыту – бүкіл Еуразияның көлік байланысын қамтамасыз етуде аса маңызды міндет. Осы мақсатта екі ел “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық автокөлік дәлізінің өткізу қабілетін арттыру және Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 30 автокөлік өткізу пунктін жаңғырту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуде», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің шығыс тармағын дамытуға Қазақстан мен Ресей тарапынан нақты қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта жүк тасымалы көлемінің айтарлықтай артқаны байқалуда.

«Аталған үдерісте Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының рөлі айрықша. Осы бағыттың өткізу қабілетін алдағы бес жылда жылына 20 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жол картасына қол қойылды», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.