Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан қауіпсіз ел болуы тиіс

Қазақстан қауіпсіз ел болуы тиіс

|

|

Астана. 24 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді.

«Қазақстан қауіпсіз ел болуы тиіс. Сондықтан “Заң және тәртіп” қағидаты қоғамымыздың негізгі ұстанымына айналды. Осы бағытта біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз. Себебі онсыз Әділетті Қазақстан туралы сөз қозғауға еш негіз жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда елімізде, соның ішінде көшедегі қылмыс деңгейі едәуір төмендеген. Қоғамдағы криминогендік жағдай мемлекет тарапынан тұрақты бақылауда тұр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де азайған.

«Бұл саладағы еліміздің тәжірибесіне шетелдік сарапшылар тарапынан қызығушылық артып келеді», – деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе:
«Заң және тәртіп” тұжырымдамасын жүзеге асыру – еліміздің жарқын болашағын қалыптастырудағы ең маңызды құрал», – деді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...