Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Ресейге астықты терең өңдеудің бірлескен кластерлерін құруды ұсынады

Қазақстан Ресейге астықты терең өңдеудің бірлескен кластерлерін құруды ұсынады

|

|

Астана.қазан. ИНТЕРФАКСҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев Ресейге астықты терең өңдеу бойынша бірлескен кластер құруды ұсынды.

ҚР Президенті аграрлық салада оң нәтиже барын және ауыл шаруашылығында инновацияларды бірлесіп енгізуге екпін бере отырып, мол табысқа жетуге болатынын мәлімдеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы көлік-логистика секторын нығайтуды тағы бір маңызды бағыт ретінде атады.

«Еліміз үшін Ресеймен стратегиялық ықпалдастықтың маңызы зор. Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан Қазақстан еуразиялық көлік-логистика желісінің өзегі ретінде Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті тұрақты байланыстыра алады. Ресей – өңір мемлекеттерінің әлем нарығына шығатын негізгі қақпасы. Сондықтан Ресеймен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты айрықша маңызды. Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық көлік дәлізі өтеді, яғни бес темір жол және алты автокөлік жолы. Оған Азия мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы тиесілі. Соңғы 15 жылда саланы кешенді жаңғыртуға 35 миллиард доллардан аса қаржы жұмсалды. Нәтижесінде жүк тасымалының көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Ресейден Орталық Азияға Қазақстан арқылы темір жолмен тасымалданған жүк көлемі соңғы үш жылда 26 пайыз артып, 30 миллион тоннадан асты. Бұл ретте кері бағыттағы транзит шамамен 50 пайыз ұлғайды. Сонымен қатар Ресейден Қытайға еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі 3 есе артып, 5 миллион тоннаға жетті», — деді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...