Евразия24ЖаңалықтарФин парламентшілері алғаш рет соғыс жағдайында жерасты бөлмелерінде жұмыс істеу бойынша жаттығулар...

Фин парламентшілері алғаш рет соғыс жағдайында жерасты бөлмелерінде жұмыс істеу бойынша жаттығулар өткізеді

|

|

Мәскеу. 10 қазан. INTERFAX —  Фин парламентшілері тарихта алғаш рет Парламенттің жертөлесіндегі жерасты мәжіліс залында жұмыс істеу бойынша жаттығулар өткізеді. «Бұл Финляндиядағы қауіпсіздік жағдайының өзгеруі«,—деді Парламенттің бірінші вице—спикері Паула Рисикко.

Паула Рисискко әріптестеріне аталған шара Украинадағы Ресейдің әскери арнайы операциясы туралы екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Парламент ғимаратының жертөлесінде орналасқан азаматтық қорғаныс үй-жайларында, басқалармен қатар, депутаттардың қосымша мәжіліс залы және басқа да төтенше жағдайлар бөлмелері бар. Оқу-жаттығуды қараша айында өткізу жоспарлануда, нақты күні кейінірек жарияланады. Айта кетейік, 2014 жылы аяқталған Парламент ғимаратын қайта құру барысында азаматтық қорғанысқа арналған жерасты баспаналары жабдықталған болатын. 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Абай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.