Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Үкіметі бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор қаражатын цифрлық теңгеге көшіру жөніндегі...

Қазақстан Үкіметі бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор қаражатын цифрлық теңгеге көшіру жөніндегі жоспар әзірледі

|

|

Астана. 19 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Ұлттық банкі Үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор қаражатын цифрлық теңгені пайдалануға кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Қазіргі уақытта Үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор қаражатын цифрлық теңге арқылы пайдалануға көшіру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бейсенбі күні Сенаттағы дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, бүгінгі күні цифрлық теңгені Атырау және Павлодар облыстарында автожолдар салу кезінде, сондай-ақ фермерлерді кредиттеу және субсидиялау бағыттарында қолдану жобалары аяқталған.

«Сонымен қатар Ұлттық банктің жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу рәсімдерінде, сондай-ақ экспорттаушыларға ҚҚС қайтаруды әкімшілендіру саласында цифрлық теңгені пайдалану жұмыстары жалғасуда», – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Шолпанқұловтың сөзінше, аталған жобаларды іске асырудың негізгі тетігі – цифрлық теңгенің бағдарламаланатын мүмкіндіктерін қолдану.

Ол өткен жылы цифрлық теңге ұлттық валютаның жаңа нысаны ретінде танылғанын еске салды. Онымен жүргізілетін барлық операциялар арнайы платформа арқылы жүзеге асырылады. Цифрлық теңгені айналымға Ұлттық банк шығарады, платформаны басқарады және қатысушыларды қосады. Ал банктер азаматтар мен компаниялар үшін цифрлық шоттар ашады және жүргізеді. Сондай-ақ цифрлық теңге негізінде төлемдерді бағдарламалау және смарт-келісімшарттар құру мүмкіндігі енгізілген.

«Цифрлық теңгенің пилоттық жобасы 2023 жылдан бастап Ұлттық банк пен Үкіметтің бірлесуімен іске асырылып келеді. Оның аясында цифрлық теңгені шығару және өтеу, цифрлық шоттар ашу, төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру сияқты базалық төлем сценарийлері енгізілді», – деп қосты Шолпанқұлов.

Бұдан бөлек, қажетті құқықтық база қалыптастырылып, Үкіметпен бірлесіп кредиттеу, субсидиялау, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және салықтық әкімшілендіру салаларында бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын арттыруға бағытталған пилоттық жобалар іске қосылған.

Осылайша, Шолпанқұловтың айтуынша, цифрлық теңге платформасы мемлекеттік қаржы саласында кең ауқымда қолдануға дайын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Йеменнен ұшырылған бірнеше дронды жойды

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, дүйсенбі күні Йемен аумағынан елдің оңтүстігіндегі Эйлат бағытына дрондар ұшырылған, олардың бір бөлігі жойылды, деп хабарлайды The Times of Israel.

Катар СІМ басшысы су және энергетика инфрақұрылымына соққы жасау қаупі туралы ескертті

Катар Премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман бен Жассем Әл Тани Таяу Шығыс өңірінде азық-түлік, сумен жабдықтау және энергетикаға қатысты инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін мәлімдеді.

Ирандағы соғыс қаржы нарықтарының нашарлауына әкелуі мүмкін

JPMorgan Chase & Co. бас директоры Джейми Даймон Ирандағы соғыс салдарынан мұнай мен басқа да шикізат бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне және пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне алып келуі мүмкін екенін ескертті.

ҚМА басшысы Тоқаевқа ондаған миллиард теңгеге қатысты заңбұзушылықтар мен жымқыру деректері туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) төрағасы Жанат Элимановтың ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.