Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыруға дайын – Сыртқы...

Қазақстан ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыруға дайын – Сыртқы істер министрлігі

|

|

АСТАНА. 11 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан жаһандық геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында әскери сипаттағы риториканың күшеюі мен ядролық қаруды қайта сынау қаупінің байқалуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Вена қаласында орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық делегация Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) бойынша дайындық комиссиясының 65-сессиясына қатысты.

Сессия барысында сөз сөйлеген Мұхтар Тілеуберді қазіргі күрделі халықаралық ахуал жағдайында ядролық сынақтарды қайта жүргізуге қатысты белгілер мен мәлімдемелердің жиілегенін, мұның өз кезегінде жаһандық тұрақтылыққа елеулі қатер төндіретінін атап өтті. Қазақстан ядролық қарудан азат әлем құру идеясын дәйекті түрде қолдап келе жатқан ел ретінде мұндай әрекеттерді халықаралық қауіпсіздікке төнген шынайы қауіп ретінде бағалайды.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында ядролық державалар арасында жоғары деңгейдегі келіссөздерді қайта бастау жөнінде жасаған үндеуі ерекше маңызға ие. Елші атап өткендей, Қазақстан мұндай диалогты ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жағдай жасауға әзір.

Министрліктің мәліметінше, аталған сессия барысында ЯСЖТШ ұйымының жылдық бюджеті қабылданып, шарттың бақылау және тексеру тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданады деп күтілуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...