Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

|

|

АСТАНА. 6 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы 6 қаңтарда қол қойды. Құжат Президенттің ресми сайтында жарияланып, қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

«Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мақсатында қаулы етемін: 1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялансын», – делінген жарлықта.

Осы жарлықпен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...