Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда әуе тасымалы 10 айда 6,5%-ға артты

Қазақстанда әуе тасымалы 10 айда 6,5%-ға артты

|

|

Астана. 9 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстанда әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауыранбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жүк тасымалын ұйымдастыруда негізгі цифрлық құрал ретінде e-Freight жүйесі қолданылуда. Аталған жүйені елдегі барлық әуежайлар мен авиакомпаниялар пайдаланады және ол IATA халықаралық стандартына сәйкес келеді.

Теміржол арқылы жүк тасымалы да өсім көрсетті: көлемі 7,9%-ға артып, 380,3 млн тоннаға жетті. Нұрлан Сауыранбаевтың мәліметінше, Digital Trade Corridor жобасын қоса алғанда, цифрландыру бастамалары транзиттік жүк ағынын ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ электронды декларациялау мен «Бірыңғай терезе» арқылы қызмет көрсету халықаралық тасымалдаушылар үшін кедергілерді азайтып, сенімділікті арттыруға ықпал етеді.

Есепті кезеңде автомобиль көлігімен 288 млн тонна жүк тасымалданды, өсім 1,7%-ды құрады. Министр автоматтандырылған бақылау станциялары құқық бұзушылықтарды анықтау деңгейін және бюджетке түсетін түсім көлемін он есеге арттырғанын атап өтті. Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша Бас прокуратурамен интеграция арқылы 10 мыңнан астам айыппұл төлеу туралы нұсқама рәсімделген.

«Автомобиль көлігімен жүк тасымалы 42 елмен жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қытай мен Өзбекстанмен арадағы рұқсат бланкілері қағаз форматынан электрондық форматқа көшірілді. Қазіргі уақытта Әзербайжан жүйесімен интеграциялау бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Ал алдағы кезеңде Түркия және Қырғызстанмен осындай жұмыстарды іске асыру жоспарланып отыр», – деді Көлік министрлігінің басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...