Астана. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері бойынша баға қалыптастыру процесін бақылауға мүмкіндік беретін агромаркетплейс іске қосылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Агромаркетплейс жобасының мақсаты – бағаны тұрақтандыру мен мониторингтеу тетіктерін цифрландыру арқылы халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қолжетімді бағамен ашық қамтамасыз ету. Жоба ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қорлары мен өнім көлемі туралы мәліметтерді жеткізу тізбегі бойынша жолдама құжаттарға негізделе отырып, бірыңғай платформада нақты уақыт режимінде біріктіруге мүмкіндік береді», – деді министр.
Оның айтуынша, агромаркетплейс немесе Тауарларды қадағалау бойынша ақпараттық жүйе (ТҚАЖ) өндірушілер, сауда желілері мен мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланысты қамтамасыз етеді. Бұл делдалдарды айналып өтіп, өткізу тізбегіндегі ашық емес схемаларды жоюға сеп болады.
Бүгінгі таңда ТҚАЖ-ға жалпы сомасы 99,72 млрд теңге болатын 364 шарт енгізілген, 1 436 заңды тұлға тіркелген (оның ішінде 20 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен «Азық-түлік корпорациясын» есепке алмағанда).
Жобаны пилоттық режимде «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асыру көзделіп отыр.
5 тамыздағы ресми валюта бағамы: 1 доллар – 541,82 теңге.