Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда көші-қон үдерістерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылмақ

Қазақстанда көші-қон үдерістерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылмақ

|

|

АСТАНА. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін көші-қон үдерістерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасын іске қосуды тапсырды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін көші-қон үдерістерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасын толықтай мәліметтер базаларымен біріктіре отырып іске қосу тапсырылды», – делінген хабарламада.

Отырыста Премьер-министр көші-қон үдерістерін нақты әрі ашық есепке алудың маңыздылығын атап өтті.

«Соңғы екі жылда елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер саны бір жарым есеге артты. Бұл ретте бірқатар заң бұзушылықтар анықталуда. Мәселен, биылғы мамыр айында өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелді. Мұндай заңсыз әрекеттердің жолын дер кезінде кесу қажет», – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, көші-қон үдерістерін тиімді басқару үшін цифрлық құралдарды жедел енгізу маңызды.

«Мигранттардың қозғалысын жүйелі әрі кешенді бақылау мақсатында шекарадан өткен сәттен бастап берілетін мигранттың ID-картасын енгізу жұмыстарын жеделдету қажет», – деді Үкімет басшысы.

Отырыста шетелде қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамтумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметін реттеу мәселесі де қаралды. Премьер-министр қазіргі таңда мұндай агенттіктердің жұмысына бақылау тетіктері мен жауапкершілік өлшемдері белгіленбегенін айтты.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялауға қатысты тиісті заңнамалық өзгерістерді әзірлеу қажет», – деп түйіндеді Бектенов.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.