Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы ауысты

Қазақстанда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы ауысты

|

|

Астана. 17 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметіне Қаныш Әбубәкіров тағайындалды. Бұл туралы сенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Қазір 48 жастағы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров 2024 жылғы қаңтардан бастап қорғаныс ведомствосы басшысының тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін ол Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы болған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өзге өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен Сұлтан Камалетдинов босатылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...