Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда шаңырақ, домбыра және қызғалдақ ұлттық символдар ретінде бекітілді

Қазақстанда шаңырақ, домбыра және қызғалдақ ұлттық символдар ретінде бекітілді

|

|

Астана. 5 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта, өзге тармақтармен қатар, ұлттық символдардың тізімі айқындалған.

Президент сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, ұлттық символдар елдің ассоциативтік бейнесін қалыптастырып, ортақ ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға ықпал етуге тиіс. Осы мақсатта келесі жалпымемлекеттік символдар белгіленді: ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»; ұлттық түстер – көгілдір және алтын түсті; ұлттық кітап-символ – Абайдың «Қара сөздері»; ұлттық бірлік символы – шаңырақ.

Сонымен қатар, ұлттық музыкалық символ ретінде домбыра, өсімдік-символ ретінде қызғалдақ бекітілді. Отанда жасалған өнімдерді білдіретін белгі – «Қазақстанда жасалған» / «Made in Kazakhstan», ал ұлттық хэштегтер – #Qazaqstan және #Kazakhstan болып анықталды.

Жарлықта бұл ұлттық символдар елдің бірыңғай айдентика жүйесін қалыптастырудың негізі болатыны атап өтіледі. Олар мемлекеттік органдардың, өңірлердің, білім, мәдениет және спорт мекемелерінің, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының визуалдық бейнесінде қолданыла алады. Сондай-ақ ұлттық символдарды ресми, қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларды өткізу барысында пайдалану ұсынылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...