Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда шаңырақ, домбыра және қызғалдақ ұлттық символдар ретінде бекітілді

Қазақстанда шаңырақ, домбыра және қызғалдақ ұлттық символдар ретінде бекітілді

|

|

Астана. 5 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта, өзге тармақтармен қатар, ұлттық символдардың тізімі айқындалған.

Президент сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, ұлттық символдар елдің ассоциативтік бейнесін қалыптастырып, ортақ ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға ықпал етуге тиіс. Осы мақсатта келесі жалпымемлекеттік символдар белгіленді: ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»; ұлттық түстер – көгілдір және алтын түсті; ұлттық кітап-символ – Абайдың «Қара сөздері»; ұлттық бірлік символы – шаңырақ.

Сонымен қатар, ұлттық музыкалық символ ретінде домбыра, өсімдік-символ ретінде қызғалдақ бекітілді. Отанда жасалған өнімдерді білдіретін белгі – «Қазақстанда жасалған» / «Made in Kazakhstan», ал ұлттық хэштегтер – #Qazaqstan және #Kazakhstan болып анықталды.

Жарлықта бұл ұлттық символдар елдің бірыңғай айдентика жүйесін қалыптастырудың негізі болатыны атап өтіледі. Олар мемлекеттік органдардың, өңірлердің, білім, мәдениет және спорт мекемелерінің, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының визуалдық бейнесінде қолданыла алады. Сондай-ақ ұлттық символдарды ресми, қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларды өткізу барысында пайдалану ұсынылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады.

Бір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МӘСК) 655 нысаны салынды..

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.