Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда тауар импортын реттеу мақсатында B2B-маркетплейс іске қосылады

Қазақстанда тауар импортын реттеу мақсатында B2B-маркетплейс іске қосылады

|

|

 

АСТАНА. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда көтерме импортты жүйелеуге және шағын әрі орта бизнесті (ШОБ) қолдауға бағытталған B2B форматындағы жаңа платформа іске қосылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

«Көтерме импортты реттеу және ШОБ-ты қолдау мақсатында отандық жаңа форматтағы B2B-платформаны іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында цифрлық шешімдерді енгізу, рәсімдерді жеңілдету және жеткізушілермен тікелей байланыс арналары арқылы интеграциялау көзделуде. Бұл ретте JD.com және Alibaba Group компанияларымен келіссөздер жүргізілуде», – деді министр Үкімет отырысында.

Шаққалиевтің айтуынша, платформаны толыққанды іске асыру үшін сертификаттау рәсімдеріндегі техникалық кедергілерді жою мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы 1996 жылғы келісімге өзгерістер енгізу мәселесі талқылануда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...