Евразия24ЖаңалықтарҚытай билігі жергілікті компанияларға Nvidia-ның жасанды интеллект чиптерін сатып алуға тыйым салды

Қытай билігі жергілікті компанияларға Nvidia-ның жасанды интеллект чиптерін сатып алуға тыйым салды

|

|

МӘСКЕУ. 17 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Қытайдың Киберқауіпсіздік басқармасы (Cyberspace Administration of China, CAC) елдегі жетекші технологиялық компанияларға Nvidia корпорациясы (SPB: NVDA) шығаратын, жасанды интеллектке арналған чиптерді сатып алуға тыйым салды. Бұл жөнінде Financial Times басылымы жағдайдан хабардар үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қытай реттеушісі осы аптада ByteDance, Alibaba (SPB: BABA) сынды компанияларға RTX Pro 6000D чиптерін сынақтан өткізуді тоқтатуға және бұрын жасалған тапсырыстардан бас тартуға нұсқау берген. Аталған чиптер Nvidia компаниясы тарапынан Қытай нарығына арнайы бейімделіп әзірленген болатын.

Бірқатар компаниялар ондаған мың чип сатып алуды жоспарлап, Nvidia жеткізушілерімен бірлесіп сынақ жұмыстарын бастап кеткен еді. Алайда енді бұл бағыттағы жұмыстар ресми түрде тоқтатылғанын жеткізушілерге хабарлады.

Financial Times-тың жазуынша, мұндай шешім Қытайдың тиісті органдары отандық өндірістегі процессорлардың өнімділігі Nvidia чиптерімен салыстырмалы деңгейге жетті деген қорытындыға келгеннен кейін қабылданған.

«Бәрі де түсінікті», – деді аты-жөнін жарияламауды сұраған қытайлық ІТ-компанияның жоғары лауазымды өкілі. – «Бұған дейін геосаяси жағдай жақсарса, Nvidia жеткізілімдері қайта жанданады деген үміт болған. Енді барлық күш-жігер отандық жүйелерді дамытуға бағытталуда».

Бұған дейін Financial Times тамыз айында Қытайдағы чип өндірушілер келесі жылы жасанды интеллектке арналған процессорлар өндірісін үш есеге арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Сала сарапшыларының айтуынша, Қытай билігі ішкі нарықта өндірілетін чиптер елдегі сұранысты толық қамтамасыз етуге қауқарлы деп санайды, сондықтан шетелден сатып алу қажеттілігі азая түседі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда алғаш рет қала әкімі сайлануда

Астана. 12 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Жексенбі күні Семей қаласында...

ХАМАС қозғалысы қаруды тек Газадағы реттеу процесі аяқталған соң ғана қоятынын мәлімдеді

Лондон. 12 қазан. ИНТЕРФАКС – ХАМАС саяси бюросының мүшесі...